|
Жетінші Күн Адвентистерінің
шіркеуі жайлы
Жетінші күн адвентистері дегеніміз
― бұл қалыптасқан шіркеулердің ілімдерімен келіспейтін,
сондай ― ақ сенім мен өмірдің жалғыз ғана ережесі болып
табылатын Киелі Жазбаға сүйенетін шіркеу. Ол Мәсіх
Исаның екінші рет жер бетіне келетініне сенеді және
Киелі Кітапта берілген Құдайдың он заңын, оның ішінде
заңның тыныштық күні ретінде адамзатқа берілген «сенбі
күнін естен шығармаңдар» деген бабын мойындайды (Мысырдан
көшу Исход 20: 8-11). Жетінші күн адвентистері
адвентистік қозғалыстың ішіндегі ең ірі өздігінен
құрылған бірікке ұйым болып табылады. Барлық әлем
бойынша оның құрамында 16 миллион адам бар.
Жетінші күн адвентистері Мәсіх
Исаның Құдайдың рухани Ұлы екеніне және Оның мәңгілік
болғанына, сондай – ақ бола беретіне сенеді. Оның
Мариям қыздан туғанын, жер бетінде күнәсіз өмір сүргенін
және адамзатты мәңгілік ажалдан құтқарып қалу үшін Өз
өмірін қиып, қанын төккенін мойындайды. Сонымен қоса
адвентистер Мәсіхтің қайта тіріліп, көкке көтерілгенін
және аспанда Ұлы Алғашқы Діни Қызметкер ретінде Өз
қызметін атқарып жатқанын мойындайды және Оның жерге
қайтып келуін күтуде. Адвентистер Мәсіхтің мың жылдық
патшалығы туылмастан бұрын Оның екінші рет жер бетіне
келуінің жеке мінездемесі барын атап айтады. Олар ақыр
заман туралы Киелі Кітаптағы аянның міне–міне
орындалатына сенеді. Мәсіх қай уақытта екені белгісіз
қайтып келіп мың жылдық патшалығын құрады. Жоғарыда
сөз болып отырған ақыр заманның алдында шіркеулерде
рухани сыйлар қайта қалпына келеді, оның ішінде
пайғамбарлық сый.
Жетінші күн адвентистері
адамдардың Алланың мейірімі және Мәсіх Исаға деген
сенімі арқылы ғана құтқарылатынын, ал жақсы істері мен
Құдайға мойын ұсынуы құтқарылу құралы емес, Аллаға деген
сенімнің нәтижесі екенін айтады. Олар мәңгілік өмірді
Құдайдың тақуаларға беретін сыйы деп есептейді.
Адвентистер эволюция жайлы ілімнен бас тартып, Құдайдың
әлемді жоқтан бар қылып жаратқанын мойындайды. Жетінші
күн адвентистері адамдардың рухани өркендеулерінің
қажеттігі жайлы атап айтады және ұлкендерді суға
шомылдыру рәсімінен өткізуді тәжірибе қылған. Олар
ішімдік пен темекіден бас тартып, дені сау өмір салтына
көп көңіл бөледі және соны басқаларға уағыздайды.
Жетінші күн адвентистері шіркеу мен мемлекеттің бөлек
болу ұстанымын қолдайды және барлық адамдардың рухани
бостандықтарын талап етеді. Олардың ілімі жайлы Жетінші
күн адвентистерінің Жылнамасында толық жазылған.
Жетінші күн адвентистері барлық
әлем бойынша 4000 мыңнан астам оқу орындарын қаражатпен
қамтиді, сол сияқты олар ауруханалар мен емделу
орындарында, тәрбиелеу үйлері мен кәрілер үйлерінде
жұмыс жасайды және қайырымдылық ұжымдарында киім және
тамақ таратумен айналысады.
Жетінші күн адвентистері барлық жер
шарында тұратын адамдарға Исаның (Ғайсаның) Ізгі хабарын
уағыздайды. Жетінші күн адвентистерінің шіркеуі әлем
бойынша 220 мемлекетте қызмет жасайды. Оның құрамына
Құдайға құлшылық жасайтын 16 миллион мүшелері мен
қонақтары бар 50 000 қауым кіреді. Қазақстанда Жетінші
Күн Адвентистері өткен ғасырдың басында пайда болды.
1902 жылы алғашқы адвентистік қауымдар Өскеменде,
Семейде, Ақмола аймағының Рождественка ауылында,
Қостанай аймағында пайда болды. 2002 жылы Қазақстандағы
Жетінші күн адвентистерінің шіркеуі өзінің жүз жылдық
мерей тойын атап өтті. Қазіргі уақытта Қазақстанда 72
шіркеу, оның мүшелігінде тұрған 4000 адам және бірнеше
мыңдаған қонақтары бар.
Шіркеудің әлеуметтік қызметі мейрімділіктің жаңаөсиеттік
ұстанымдарына негізделген, яғни біреудің қайғысына
ортақтасу және адамдардың мүддесіне араласу. Бұл іс
рухани өмірдің және мәсіхшілдіқтің айнымас бөлігі. Оны
рухани ұстаздардың кең тұрде жасалып жатқан
іс-әрекеттерінен, атап айтқанда ауруханалардағы
кәріптерді және қарттар үйлеріндегі кәрілерді, жаны
күйзеліске ұшыраған адамдарды қамқорлыққа алғандарынан,
кедей–кепшіктерді азық–түлікпен қамтамасыз еткендерінен
және бас бостандығынан айырылған адамдарға қатынап
тұрғандарынан байқауға болады. Атаулы шіркеу темекіден,
ішімдіктен және нашақорлықтан азат ететін денсаулықты
қалпына келтіру бағдарламаларын кең түрде өткізеді.
Сонын нәтижесінде жылына шамамен 1000 шақты адам осындай
жаман әдеттен босап шығады. Бұл қызметтің табысының
үлкен үлесі дені сау өмір салты көрмелеріне тиесілі.
Сондай көрмелердің ең үлкені қалалық әкімшілік пен
денсаулық сақтау департаментінің қолдауымен Астана және
Алматы қалаларында өтті. |